Мен Лесбаев Бахытжан Тастанұлы, 1965 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында дүниеге келдім. Әкем - Лесбаев Тастан 1925 жылы туған, жоғары педагогикалық білімі бар, мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Анам - Әшірбекова Салих, 1940 жылы туған, жоғары педагогикалық білімі бар және қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан бастауыш сыныптар мұғалімі болып жұмыс істеді. Мен 1982 жылы мектепті бітіргеннен кейін бір жыл бойы колхозда жұмыс істедім. 1983 жылдан 1985 жылға дейін Кеңес әскерінде қызмет еткем. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің физика факультетінің кешкі бөліміне түстім. (қазір әл-Фараби ҚазҰУ). 1991 жылы «физик» мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом алдым. Кешкі факультетте оқуыммен қатар СМУ Университетстройда (1986-1989) жұмыс істедім, қосымша СМУ комсоргының қызметін атқардым. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасында жұмыс істей бастадым. 1990 жылдан 1995 жылға дейін зертханадан жетекші инженер лауазымдарын атқардым. 1995-2000 жылдары ҚазҰУ дың «Эксперименттік өндіріс орталығының өлшеу техникасы зертханасының» меңгерушісі болдым.. 2001 жылдан 2010 жылға дейін ҚазҰУ дың Өлшегіш құралдар лабораториясының меңгерушісі қызметін атқардым. 2007 жылы кандидаттық диссертация қорғадым, 01.04.17 мамандығы - химиялық физика, оның ішінде жану физикасы және жарылыс. 2011 жылдан бастап ҚазҰУ дың Химия және химиялық технология факультетінде «Химиядағы есептеу әдістерін оқу зертханасының» меңгерушісі қызметін атқарамын. 2016 жылдың сәуір айында доцент атағы берілді. 2017 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігі «Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапаттады. Зерттеу салаларым химиялық физика, жану ғылымы, ауыспалы энергия және нанотехнология. Мен 100-ден астам ғылыми мақалалардың және, 2 оқулықтың, 8 патенттің авторы. Менің ғылыми жетекшілігім бойынша бір кандидаттық диссертация қорғалды. Қазақша, орысша және техникалық ағылшын тілінде сөйлеймін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1992

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.05.2014

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
04.04.2016
профессор
08.11.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

36

Цитирования
272 по 234

құжаттар

h-индексі

10